«Біз мемлекеттік гранттар бөлудің жаңа моделін әзірлеуді жоспарлаудамыз. Онда студенттердің білім деңгейі ғана емес, сонымен қатар олардың әлеуметтік жағдайы да ескерілетін болады», - деді министр өз баяндамасында.
Оның айтуынша, 2015 жылы жоғары білім беру саласының негізгі мақсаты студенттерді әлеуметтік жағынан қолдауға, еңбек нарығымен байланыста болуға және ЖОО-ларды басқару жүйесін дамытуға бағытталмақ.