НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Азия чемпионатында грек-рим күресінен қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов күміс медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құрлықтық дода Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда бүгін жалауын көтерді.
Аталған сында Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) қырғыз балуаны Мелис Айтбековпен жұбаныш финалында қола жүлде үшін белдесті. Нәтижесінде ол қарсыласын 7:2 есебімен қапы қалдырып, үздік үштікке тұрақтады.
Айта кетсек, Н.Тұрсынов 2015 жылы Катарда өткен Азия чемпионатында күміс медаль иегері атанған еді.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Аманғали Бекболатов (55 келі), Мейрамбек Айнағұлов (63 келі) и Мақсат Ережепов (77 келі) күміс медаль алды.
Енді қазақстандық Әлімхан Сыздықов (130 келі) оңтүстік кореялық Минсок Киммен бас жүлдені сарапқа салады.
Жарыс кестесіне сәйкес ертең, 20 сәуірде 60, 67, 72, 82 және 97 келідегі спортшылар бозкілемге шығады.
Азия чемпионатында ел намысын 10 балуан қорғауда.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.