ҚР ҰОК мәліметінше, 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Амиран Шавадземен (Грузия) кездесті.
Сұлтанғали белдесу барысында 1:2 есебімен ұтылып жатқан еді. Дегенмен белдесудің соңына қарай екі тиімді әдіс қолданып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 8:2.
Айта кетейік, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем біріншілігінің ширек финалында жеңіске жеткен еді.
Мерей Мәулетқанов грек-рим күресінен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Демеу Жадыраев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті.
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері 77 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күреседі.