Отандасымыз 63 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті. Ержет бұл кезеңде Солтүстік Корея өкілі Чан Киммен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін Ислам Евлоев (87 келіге дейін) 1/4 финалға өткен болатын.
Ал грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі, ал Демеу Жадыраевтың әлем біріншілігін 5-орынмен аяқтады.