«Жамбыл облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, спорт жанашыры Әлімбек Әсембекұлы күрес түрлерінен Тиранада (Албания) өтіп жатқан әлем чемпионатынан күміс жүлде олжалаған жамбылдық Ержет Жарлықасынға су жаңа Toyota Camry автокөлігін және жеке бапкері Асылжан Байзақовқа 3 000 000 теңгелік сертификат табыс етті», - деді басқармадан.
Айта кетейік, Ержет Жарлықасын 63 келіге дейінгі салмақта финалда әзербайжандық Нихат Маммадлимен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Ержет биыл Азия біріншілігінде үздік шықса, Нихат бұған дейін екі мәрте Еуропада топ жарып, 2022 жылы 23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған екен.