Грекияның тауларында қар көшкіні жүріп, төрт адам мерт болды
АСТАНА. KAZINFORM — Грекиялық құтқарушылар Вардусия тауларында қар көшкіні астында қалған 4 адамның денесін тапты, деп хабарлайды Report.
Афинадан келіп, Вардусия жотасына шығуға әрекеттенген үш альпинисті іздеу аяқталды. Олардың денесі қар астынан табылды. Олардың қатарында альпинистердің бірінің әйелі болған.
Үш альпинистпен байланыс 25 желтоқсанда үзілді. Кең ауқымды іздестіру операциясы дереу басталып, олардың көлігі тауға өрмелеуді бастаған тұс — Афанасиос Диакос аймағынан табылды.
Артынша құтқарушылар қар көшкінінің астында қалып кеткен жоғалған адамдардың іздерін тапты. Қар астынан альпинистерді іздеу үшін тепловизорлар мен дрондар пайдаланылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Непалдың солтүстік-шығысындағы Гималай шыңында қар көшкіні кезінде 7 альпинист, оның ішінде бес шетелдік және екі непалдық азамат қаза тапты.
Сондай-ақ ресейлік альпинист Наталья Наговицына сынған аяғымен 7 мың метрден астам биіктікте 20 күн бойы көмек күтумен болған. Қыркүйек айының басында Қырғызстанның альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясының президенті Эдуард Кубатов ресейлік альпинистің қаза тапқанын растады.