Грета Тунберг пен «Сумуд» флотилиясының 70-тен аса белсендісі Израильден шығарылады

Фото: x.com/GazaFFlotilla

АСТАНА. KAZINFORM — Палестинаны қолдайтын «Сумуд» флотилиясының 70-тен астам мүшесі, оның ішінде швед белсендісі Грета Тунберг дүйсенбі күні Израильден шығарылады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Agence France-Presse агенттігі дипломатиялық қызмет өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

Олардың мәліметінше, еврей мемлекетінен 9 швед, 28 француз, 27 грек және 15 итальян азаматы шығарылады. Ұсталғандардың көпшілігі Грекияға жеткізіледі деп шамаланып отыр.

Түрлі елдерге тиесілі 40-тан астам кемеден тұратын «Сумуд» флотилиясы қыркүйек айының ортасында Тунистен Газаға жол тартты. Миссия міндеті аймақтың қоршауын бұзуға және анклавқа гуманитарлық көмек жеткізуді еді. 

Израиль билігі белсенділердің әрекетін арандатушылық деп санайтынын және олардың кемелерінің Газа жағалауына жақындауына жол бермейтінін бірнеше рет мәлімдеген. Ақыры Израиль әскери-теңіз флотының кемелері Газа секторы үшін гуманитарлық жүк тиелген флотилияны тоқтатты. 

Белсенділер флотилиясының Газа секторындағы теңіз блокадасын бұзу әрекеті ешқандай қиындықтарсыз аяқталды

Франция парламентінің депутаты, Халықаралық Global Sumud флотилиясында қатысушы Мари Мезмёр шабуылдың Рим статуты бойынша «соғыс қылмысы» ретінде бағаланатынын мәлімдеді. 

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының өкілі Тамин Аль-Хитан флотилияға Грекия жауапты іздеу-құтқару (SAR) аймағында ұшқышсыз ұшақтар (БПЛА) арқылы жасалған шабуылдарға пікір білдіре отырып, оны ақылға сыймайтын әрекет деп атады.

Kazinform үшін арнайы ТАСС ақпарат агенттігі ұсынған.