Грекияның оңтүстігі сахарадан соққан шаң толқынынан тұтастай сарғыш түске оранды.
Көбі Афиныда түсірілген бейнелерді Марс пейзаждарымен байланыстырады. Кейбір аймақтарда ауа сапасы нашарлады. Жергілікті билік респираторлық ауруға шалдыққан адамдардың даладағы уақытын шектеуге шақырды.
Синоптиктердің болжамынша, аспан жақын арада ашылуы керек. Бұған желдің өзгеруі және температураның төмендеуі ықпал етеді.
Ұқсас жағдай Швейцария мен Францияда да байқалған.