Григорий Ломакин Астанадағы челленджер турнирінің финалына дейін жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин жұптық сында Астанада Президент кубогы аясында ATP Challenger турнирінің финалында өнер көрсетті.

Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші ресейлік Петр Бар-Бирюковпен бірге жапониялықтар Тайсей Ишикава — Масамити Имамурамен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 4:1 есебімен алға шығып, сол басымдылығынан айырылған жоқ — 6:3.

Екінші сетте жапониялық дуэт тай-брейкте қарымта қайырды — 7:6 (7:4).
Супер тай-брейкте жапониялықтар жеңісті жұлып алды — 10:5.

Осылайша, Г.Ломакин Астана додасын финалмен аяқтады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Григорий Ломакиннің Астанадағы челленджер турнирінде чемпиондыққа таласатынын жазған едік.