Григорий Ломакин Қытайдағы турнирдің финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин жұптық сында Мааньшан (Қытай) ITF M15 турнирінің финалына өтті.

Фото: ktf.kz

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші аустралиялық Джошуа Чарльтонмен бірге жартылай финалда қытайлықтар Женшонг Донг – Аарон Вангпен кездесуі тиіс еді.

Алайда қытайлық дуэт матчқа келмей қалды да, Ломакин – Чарльтон ойнамастан соңғы бәсекеге жолдама алды.

Григорий Ломакин мен Джошуа Чарльтонның финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Болгариядағы жарыстың ширек финалына өткенін жазған едік.

Сондай-ақ Григорий Ломакин Қытайдағы жарыстың жартылай финалында ойнайды.

Берлин турниріндегі сенсациядан кейін Елена Рыбакина ширек финалдан тыс қалды.