Зерттеу нәтижесіне сәйкес, үш, төрт және бес жұлдызды қонақүйлердегі баға бір жылда 8 пайызға, ал отбасылық үлгідегі қонақүйлерде 7,9 пайызға өскен.
Қыркүйек айында елдегі бес жұлдызды қонақүйде бір нөмірдің орташа бағасы 546 лари болған. Үш жұлдызды қонақүйде тұру құны – 186 лари, ал төрт жұлдызды қонақүйде 290 лари болған.
Отбасылық үлгідегі қонақүйлерде бір тәуліктің орташа құны 130 лари.
2026 жылғы тамызбен салыстырғанда, қыркүйекте Грузиядағы қонақүй бағасының индексі 7,2 пайызға төмендеген. Отбасылық үлгідегі қонақүйлерде де баға 7,2 пайызға арзандаған. Ал үш, төрт және бес жұлдызды қонақүйлерде төмендеу 8,7 пайызды құраған.
Айта кетелік грузин шарабы жалған өнімнен үш деңгейлі қорғаныспен қамтамасыз етілетіні туралы жазған едік.