Грузиядағы тәртіпсіздіктер кезінде 14 полицей жарақат алды

Фото: x.com/SprinterPress

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы елдің ішкі істер министрінің орынбасары Александр Дарахвелидзе брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

рузия премьер-министрінің айтуынша, жарақат алған полицейлердің бірі ауыр халде жатыр.

Елдің Ішкі істер министрлігі тәртіпсіздіктерге байланысты төрт бап бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Еске сала кетейік, 4 қазанда Грузияда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау өтті. Грузияның Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, бюллетеньдердің 74 пайыздан астамы саналған кезде билеуші партия 80 пайыздан астам дауыс жинаған. Екінші орында – оппозициялық «Күшті Грузия» партиясы (6,8%), ал үшінші орында «Гахария – Грузия үшін» партиясы (3,8%) тұр.

Билік мәліметінше, наразылық акциясына шыққандар Тбилисидегі Атонели көшесінде орналасқан президент сарайының ауласына басып кірген. Сол жерде демонстранттар мен полицейлер арасында қақтығыс болып, құқық қорғау органдары суатқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолданған.