Әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-да Шымкенттегі «Romantic» гүл дүкенінің жұмысшыларына физикалық күш қолданамыз деп қорқытқан үш адам туралы видео тарады. Олардың бірі прокуратура қызметкерінің ұлы екені айтылды.
«Аталған адамның прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ, прокуратура қызметкерлерімен туыстық қатынаста емес», - деп жауап берді Шымкент қаласының прокуратурасынан.