Гүлнәр Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды
18:22, 02 Желтоқсан 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды.
Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
– Сот тергеу органдарының өтініші негізінде күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде «үйқамаққа» алуды санкциялады, - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
– Оқиғаның мән-жайы анықталып, жәбірленушілердің уәждері мен мәліметтері жан-жақты тексеріліп жатыр, - деп хабарлады полиция департаменті.
Еске салайық, бұған дейін Orda.kz интернет-ресурсының бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға қатысты бірнеше рет көрінеу жалған ақпарат тарату фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалғанын хабарлаған едік.