Гүлнәр Сиқымбаеваның жоғалып кеткен ұлының денесі табылды
16:05, 07 Сәуір 2026
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда марқұм, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды.
Ер адамның өлі күйінде табылғанын Lider.kz еріктілер қозғалысы хабарлады.
Бұған дейін Баир Сиқымбаевтың із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлағанбыз.
Ол 2026 жылғы 24 наурызда сағат шамамен 13:20–да Коперник көшесі, 114-үйден шығып кеткен. Содан бері хат-хабар жоқ.
Бұған қатысты редакция тілшісі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен ресми түсінік сұрады.
Марқұмды іздестіру жұмыстарын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген.
Еске салайық, 2024 жылғы қазанда танымал эстрада әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаева дүниеден өткен еді.