Хабарсыз кеткен қарағандылық бойжеткен астанадағы саябақтан табылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана полицейлері «Кезбе» атты жедел профилактикалық шараларын өткізді, деп xабарлайды «ҚазАқпарат» Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейдтің мақсаты -xабар-ошарсыз кеткендерді іздеу, қылмыскерлерді ұстау және тұрғылықты мекенжайыжоқ тұлғаларды, қаңғыбастарды тауып, тіркеу.

Полицейлержертөлелерді, кәріз жүйелерін, құдықтарды, үйлердің төбелерін, қоқыс тастауорындарында іздеу жұмыстарын жүргізді. Тұрғылықты мекенжайы жоқтардың тұлғасыанықталып, тіркеуге алынды. Құжаты неліктен жоқ екенін түсіндіре алмағандарполиция бөліміне апарылып, саусақ іздері алынды.

Жалпы, 186 адамтіркелді. Соның бесеуі елорда полиция департаментінің қабылдау-тарату мекемесінеорналастырылды.

Полицейлердіңайтуынша, тұрғылықты мекенжайы жоқтар жиі қылмыс құрбаны болады немесе өздерісондай қадамға барады.

Рейд кезінде ішіндеТМД елдерінен келген екі азаматы бар 11 қылмыскер ұсталды.

Сонымен қатарxабар-ошарсыз кеткен 7 адамның қайда жүргені анықталды. Елордадағы саябақтанҚарағанды облысының ПД xабар-ошарсыз кеткен деп жариялаған 20 жасар бойжеткен табылды.Оның туыстарына қыздың қайда екені туралы xабар берілді.

Соңғы жаңалықтар