«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ақпараты бойынша қазіргі уақытта тәжірибелі мамандарды тарта отырып, қызметтік тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша келтірілген залалдың мөлшері, мән-жайлары мен болған оқиғаның себептері айқындалатын болады», - деп жазылған Kazinform сауалына жолдаған жауапта.
Агенттік тергеу қорытындысы бойынша Халық банктің үстінен ден қою шараларын қолдануы мүмкін.
«Аталған банктің Қазақстан заңнамасын сақтамау фактілері анықталған жағдайда агенттік өз құзыреті шегінде қадағалап ден қою шараларын қолдану мүмкіндігін қарастыратын болады», - делінген ресми мәліметте.
Еске салсақ, 11 қараша күні Павлодар қаласындағы «Халық банк» бөлімшесінің ғимаратын полиция қоршауға алған болатын.