Павлодарда банк бөлімшесінің қабырғасы ломмен бұзылған

АСТАНА KAZINFORM - Павлодар қаласындағы банк бөлімшесі ғимаратының қабырғасы ломмен бұзылған. Оқиға орнына полиция келіп, ғимаратты қоршауға алды.

 отделение банка оцепили в Павлодаре
Фото: Артем Викторов/Kazinform

Полицияға хабар бүгін сағат 9:30-да түскен. Қызметкерлер бес қабатты тұрғын үйдің түбінде орналасқан банк бөлімшені қоршауға алды.

Жергілікті тұрғындар болған оқиға туралы естімеген.

отделение банка оцепили в Павлодаре
Фото: Артем Викторов/Kazinform

 

«Полицияға банктердің бірінің бөлімшесінің қабырғасы бұзылды деген қоңырау түсті. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», -деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Ұрлық фактісі бойынша тергеу басталып, күдіктілер іздестірілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 18 маусымында Астанада қарулы адам мекемеге келушілермен бірге Достық көшесіндегі Kaspi банкінің ғимаратына кіріп, есікті іштен жауып алған. Оның денесі мен қолына жарылғыш құрылғы бекітілгені хабарланды. Кейінірек Мурадов есімді азаматтың дәрі-дәрмекті қолдану арқылы өзін-өзі өлтіруге шешім қабылдағаны белгілі болды. Әлихан Мурадов елордалық Kaspi Bank бөлімшесінде адамдарды кепілге алғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар