250 литр «метамфетамин» есірткі заты түріндегі заңсыз жүк түрлі брендтердің сусындарында жасырылып, Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Ресейге бағытталған.
Өзара әрекеттестік нәтижесінде Мәскеу облысында аталған тауарды беру кезінде трансұлттық есірткі тобының 2 мүшесі ұсталды.
Сондай-ақ, ұсталған адамдардан сұйықтықтан есірткі алуға арналған жабдық тәркіленді.
Ағымдағы жылдың басынан бері ҰҚК шетелдік әріптестермен бірлесіп 19 халықаралық есірткі арнасының жолын кесті, заңсыз айналымнан 400 кг астам есірткі заттары мен 4 тонна көкнәр сабаны тәркіленді.