Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Астана әуежайында ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының халықаралық әуежайында қазақстандық полицейлер Әзірбайжан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Фото: Polisia.kz

«Ер адам 2022 жылы Бакудегі әлеуметтік үйлерден пәтер алуға көмектесу сылтауымен жергілікті тұрғындардың ақшасын иемденген. Қаскөй Астанадан Душанбеге ұшып кетпек болған. Қазіргі уақытта ол елордалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін екі күнде іздеуде жүрген 280 қылмыскер ұсталғанын жазған болатынбыз.