Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Ақтөбе облысында ұсталды

Фото: Фото: Polisia.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Өзбекстандық есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген болатын, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысындағы «Жайсан» теміржол өткізу пунктінде Молдованың ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросымен есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталды.

2013 жылы күдікті басқа адамдармен бірге есірткі заттарын жеткізудің халықаралық арнасын ұйымдастырған.

— Молдоваға кірер кезде одан 46 грамм героин табылған. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Осыған дейін журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.