Журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстандық журналист және қоғам қайраткері Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды. Оның үстінен ұлтаралық араздықты өршіту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

– Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен бірге күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлады полициядан.
Журналист қазір басқа елде тұрып жатыр.
Еске салайық, 2024 жылдың сәуірінде Алматы полициясы қоғам белсендісі Дана Орманбаеваның әлеуметтік желідегі жазбаларына қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.
Ол Instagram-дағы stories-і арқылы басқа біреудің атына әдепсіз сөздер жазып жариялады.