«Біздің өтінішіміз бойынша «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясаты институты еліміздің 10 аумағында сауал жүргізген болатын. Соның нәтижесінде сарапшылар да осындай қорытындыға келді. Халықтың полиция қызметіндегі реформалардан хабарсыз екені белгілі болып отыр», - дейді депутат. Оның айтуынша, сауалнамаға тілшілер, милиция ардагерлері, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, талдау орталықтарының, үкіметтік емес секторының талдаушылары, мемлекеттік қызметкерлер және ғалымдар қатысқан.
«Олардың пікірі бойынша, қалыптасқан жағдайдың басты себебі, ішкі істер органдары мен жергілікті атқарушы органдарының халықпен түсіндіру жұмысының жүргізілмегендігі көрінеді. Жергілікті полицияның ағымдағы жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті түрде өз көрінісін таппаған. Халық, жергілікті билік және полиция арасындағы түбегейлі жаңа қатынастарының мән-мағынасы халыққа түсіндірілмеген. Сондықтан жергілікті полицияның жұмысы әуелі Қазақстанның әрбір тұрғынының нақты қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қажет болған жағдайда полиция халық үшін не істеп отырғаны туралы жергілікті тұрғындарға есеп беру қажет екенін жеткізуіміз керек», - деді Н. Әбдіров.