«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әмірхан Рақымжанов «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұжымына жаңа басшы - Жанболат Мелдешовты таныстырды.

Бұл туралы Орталықтың баспасөз қызметінен хабарланды.

Жанболат Мелдешов 1980 жылы туған. Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, Ресей халықтар достығы университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген, осы университетте «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша аспирантура түлегі. 

2002 - жылдары - Мәскеудегі қазақстандық жастар қауымдастығының президенті және «Мұрагер» мәскеудегі қазақ қоғамы мәдениетін дамыту» бірлестігінің директоры қызметін атқарған. 2009 - 2011 жылдары - «Білім» білім беру қызметі орталығы» ЖШС директоры. 2012 - 2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, ал 2014 жылдан коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Ә. Рақымжанов, сонымен қатар «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның қызметімен де танысты. Атап айтқанда, құрылымдық бөлім басшылары халықаралық білім беруді ұйымдастыру және стипендиаттарды бақылау, түлектерге қатысты мониторинг жүргізу және стипендиаттардың жеке істерін сақтау туралы ақпараттар берді.