«ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы 3-тармағында (1995 жылғы редакция) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін сотталып, халықаралық іздеуде жүрген Ахметова Жанар Ботақызы Украина аумағында ұсталды», - деді ол.
Департамент басшысының айтуынша, Ахметова 2005 жылдың наурызы мен 2008 жылдың қазаны аралығында пайызбен қайтарамын деген желеумен алдап, азаматтардың 50 миллионнан астам ақшалай қаражаттарын иеленген.
«2010 жылдың тамызында сот органдары оған қатысты ҚР ҚК 72-бабын қолданды және баласы 14 жасқа толғанға дейін, яғни 2021 жылдың 5 қарашасына дейін жаза мерзімін кейінге шегере тұруды белгілеген болатын», - деді Алмас Садубаев.
ФОТО: KORDON.ORG.UA