«Ер азамат құрылыс нысандарының бірінде жұмысшы болып істеп жүрген. Арнайы миграциялық заңға сәйкес тексеру барысында, ол өзіне тиесілі ешқандай құжатты көрсете алмады. Осыған байланысты Өзбекстан азаматы аудандық полиция бөлімшесіне жеткізіліп, арнайы тексеру базаға ол жайлы ақпарат енгізгенде, оның іздеуде жүргені анықталды. Күдіктінің ұсталғандығы жөнінде оған іздеу салған органға хабарланды», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ведомство өкілдері күдіктінің қай уақыттан бері Қазақстан аумағында жасырынып жүргенін анықталатынын айтты. Сонымен қатар, шекарадан қай жерден және қай уақытта өткені де тексеріледі.