«Біздегі прогресс алдыңғы қатарлы қаржы ұйымдары тарапынан елеусіз қалмады. Moody's агенттігі жақында Қазақстанның несие рейтингін көтеріп, оны нақты сектордағы тұрақты өсіммен және капитал нарығындағы жағдайдың жақсаруымен түсіндірді», - деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысы Moody's агенттігі 2021 жылы Қазақстан экономикасының өсімі болжамын 4 пайызға дейін және 2022 жылға 4,5 пайызға дейін көтерді.
«Қалпына келу прогресі еуропа өңірі мен Орталық Азия елдерімен тығыз ынтымақтастық пен үйлестірусіз мүмкін болмас еді», - деді Асқар Мамин.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Бішкекте Премьер-Министрлер деңгейінде «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» экономикалық форумы басталды.
Асқар Мамин соңғы 10 жылда Еуропалық Одаққа мүше елдер өңірге 110 млрд еуродан астам инвестиция салғанын жеткізді.