Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл өткен жылмен салыстырғанда, Блумберг телеарнасында роликті көрсету аумағы кеңейді: АҚШ пен Еуропада тұратын телекөрермендерден басқа, «Қазақстанға инвестиция салыңыздар!» бейнеролигін Азия тұрғындары да көреді. Си-Эн-Эн мен Еуроньюсьта бейнероликті көрсету географиясы өзгеріссіз қалды: Еуропа, Таяу Шығыс, Африка және Азия бірінші телеарнада және бүкіләлемдік тарату - екінші телеаранада. Қазақстан туралы жарнаманы осылайша қамту бүкіл әлем бойынша оны 350 миллионнан астам үй шаруашылығы көреді деп күтілуде. Роликті тарату 15 қарашаға дейін созылады.
Бұрынғыша роликті жасау үшін ҚР ИЖТМ Инвестициялар комитеті және «KAZNEX INVEST» белгілі режиссер Тимір Бекмамбетовтің шығармашылық командасын шақырды. Бұл жобаның негізгі міндеті - әлеуетті инвесторларды елдің инвестициялық мүүмкіндіктері туралы хабардар ету. Мәселен, Ease of Doing Business-2013 агенттігінң рейтингісіне сәйкес Қазақстан «Салық салу» көрсеткіші бойынша 17-ші орында және «»Инвесторларды қорғау» көрсеткіші бойынша - 10-шы орында.
Қазақстан жөніндегі инвесторларға бағытталған бейнесюжет әлемдік хабар таратуда 2011 жылдан бері көрсетіліп келеді. Тәжірибе көрсеткендей, роликті көрсету кезінде www.invest.gov.kz ұлттық инвестициялық веб-сайтына айына кіру 7,5 мыңға жетеді, бұл орташа айлық көрсеткіштен біржарым есе көп. Тұтастай алғанда, 2,5 жыл ішінде осы интернет-ресурста 170 елден 236 мыңға жуық кіруші болды, әлеуметті инвесторлар сайт арқылы 180 сауал жолдады.
Жетекші халықаралық CNBC бизнес-телеарнасының 2012 жылғы зерттеулеріне сәйкес Қазақстан АҚШ (15-орын) және Еуропа, Таяу Шығыс, Африка (5-ші орын) аймақтарындағы шетелдердегі танымалдығы жөніндегі көшбасшы елдердің тізіміне енген.