Харбинде халықаралық мұз мүсіндер байқауы өтті

Фото: Фото: Синьхуа

АСТАНА.KAZINFORM — Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясында мұз мүсіндер байқауы өтті, деп жазады Синхуа.

Хэйлунцзян провинциясының әкімшілік қаласы Харбинде өтіп жатқан мұз байқауына Қытай, Франция, Испания, АҚШ, Ресей және Корея Республикасын қосқанда 12 елден 60 суретші келген. 

Еске сала кетейік, биыл Харбинда өтетін Азия ойындарына 34 ел/аймақтың олимпиадалық комитеттері Харбин қысқы Азия ойындарына қатысуға өтініш беріп үлгерген. 

Ал, осы дүбірлі додада Қазақстаннан 139 спортшы ел намысын қорғайды. Олар 64 медаль жиынтығы сарапқа салынатын 11 спорт түрінен сынға түседі.

Харбин-2025 Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қандай форма киетінін көргіңіз келсе мына сілтемеге өтіңіз. 

Фото: Синьхуа
Фото: Синьхуа
Фото: Синьхуа
Фото: Синьхуа