Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі алғашқы сот отырысы 20 тамызға тағайындалғанын мәлімдеді.
Еске салайық, Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы осы жылдың 21 шілдесінде істі айыптау актісімен облыс прокуратурасына жолдаған. Ал облыс прокуратурасы 29 шілдеде іс бойынша құрылған айыптау актісін бекітіп, істі негізінен қарау үшін Талғар аудандық сотына жолдады.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Хасан Қасымбаевқа қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша тергеу амалдары жүргізілді.
Былтыр қараша айында Хасан Қасымбаев қамауға алынды.
Бұған дейін 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін талғарлықтар оны «Хуторские» тобының басшысы болуы мүмкін екенін айтқан еді. Кейін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов кәсіпкер Хасан Қасымбаевқа қатысты түсінік берді.
Бас прокуратура Талғарда адам ұрлап, ұрып-соғуға қатысты істі қайта қарады.