ХБА конференциясында әлемдік экономикалық ойдың үздік жетістіктері тоғысты - ҚР Білім және ғылым министрі

АЛМАТЫ. 2 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда даму әлеміндегі кәсіпкерлік пен білім алу бизнесі тақырыбына арналған Халықаралық Бизнес Академиясының екі күндік конференциясы өз жұмысын аяқтады.

Форумның екінші күні жиынды ашқан ХБА ректоры Тақыр Балықбаев ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың құттықтау хатын оқыды.

Министр бизнес-форумға қатысушыларға қарата айтқан үндеуінде Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту жалпы мемлекеттік саясат сратегиясының негізгі аспектісі екендігін атап өтті. «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыруда бизнестің маңызды екендігін атап көрсеткен А.Сәрінжіпов бұл орайда жетекші рольді отандық бизнеске қатысты білім беру мен кәсіпкерлік жоғары оқу орындарын дамытып, нығайту керектігін көрсеткен.

«ХБА сияқты осындай халықаралық конференциялардың арқасында дамушы әлемдегі бизнске қажетті инновациялық идеялар қалыптасады, өйткені мұнда әлемдік экономикалық ойдың үздік жетістіктері, отандық ғылыми зерттеулер мен алдыңғы қатарлы әлемдік компания сарапшыларының пікірлері тоғысады», - деп қорытындылады А.Сәрінжіпов.

Еске сала кетейік, ХБА конференциясына әлемнің жиырмадан астам елінен 250-ден артық сарапшы қатысты.