«Кадрларда — тәулігіне болатын 16 түнгі сапардың тек біреуі ғана. Жер өз осін бір рет айналып шыққанша, ХҒС планетаны 16 рет айналып үлгереді. Станса Жерді әрбір 90 минут сайын айналады. Яғни орбитада әрбір бір жарым сағат сайын жарық пен көлеңке алмасып отырады. Ал көлеңкелі аймақ шамамен 40 минутқа созылады», деп түсіндірді ғарышкер.
Оның айтуынша, кадрлардың басында Оңтүстік-Шығыс Азия қалалары көрінеді, одан кейін Қытайдың жарқыраған шамдары байқалады. Ал соңында Шығыс Сібірдің солтүстігіндегі полярлық шұғыла мен Приморье үстіндегі таң шапағы көрінеді.
21 желтоқсанда қысқы күн тоқырауы байқалды. Осы күні Жердің Солтүстік жарты шарында түннің ұзақтығы ең жоғары деңгейге жетті.
Айта кетейік, «Шэньчжоу-21» кемесінің экипажы алғаш рет ашық ғарышқа шығуға дайындалып жатыр.