ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Бақытжан Тұрдалиевтің айтуынша, бұл - мектеп бітірушілердің жалпы санының 72 пайызы. Жалпы тест жүйесінде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Дегенмен химия, физика, математика пәндері бойынша диаграммалық сурет пен графика көптеп енгізіліп отыр. Бұл арқылы мамандар түлектердің логикалық ойлау жүйесін сараламақ.
Еліміз бойынша 3-10 маусым аралығында өтетін тестілеу жүйесі 155 өткізу бекеттерінде ұйымдастырылады. Оның 48-і жоғары оқу орнының базасында, ал қалғаны мектептерде өткізілетін болады.