Міне, 74 жылбойы бұл күнді қайғы-қасірет күні ретінде еске алады. Ядролық сынақтың қайғысынбастан кешкен қазақстандықтар үшін Жапония халқының бастан өткергенқайғы-қасіреті таныс жағдай.
Семей сынақполигонында да 1949-1989 жылдар аралығында 450-ден астам ядролық жарылыс болды,олардан миллионнан астам адам зардап шекті.
1991 жылдың29 тамызында Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзЖарлығымен полигонды түпкілікті жапты. Осы жылдар ішінде Қазақстан бұрынғыСемей полигонында ядролық қаруды сынақтан өткізудің зардаптарын жою жөніндеіс-шаралар қабылдады. Сондай-ақ, осы зардаптарды жоюда Қазақстан халқынакөрсеткен көмегі үшін жапон халқына шын жүректен алғыс айтамыз.
Хиросима менСемей қалалары ядролық қатерге қарсы күрестің символына айналды. ҚазақстанЖапониямен және әлемдік қоғамдастықтың басқа да мүшелерімен бірлесіп, адамзаттыядролық қарудан бас тартуға және оны таратпау режимін нығайтуға бағытталғансаясатты дәйекті және белсенді түрде жүргізіп келеді.
Қазақстанныңбастамасымен 2009 жылы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимылкүні деп жариялау туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары қабылданды. Осы қарардыңмақсаттарына сәйкес Қазақстанда және әлемнің көптеген елдерінде ядролықсынақтардың зардаптары туралы әлемге ескерту ретінде бағытталған және болашақтаоларды қолданбауға шақыру туралы конференциялар, семинарлар, көрмелер және басқада іс-шаралар өткізілді.
2015 жылыХиросима және Нагасаки атом бомбасының тасталуының 70 жылдығына орай Елбасыбастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының Ядролық қарудан азат әлем құрудың жалпығаортақ декларациясы туралы қарары қабылданды. Аталған бастама БҰҰ мүшемемлекеттерінің көпшілігімен қолдау тауып, ядролық қаруға тыйым салу бойыншахалықаралық заңды құжат қабылдауда маңызды қадам болды.
2017-2018жылдар Қазақстанның сыртқы саясатын дамытудың шарықтау кезеңдерінің бірі –еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз қызметінатқарды. Осы жауапты қызмет кезінде Қазақстанның маңызды басымдылығы ретіндеядролық қаруды таратпау және қарусыздану бастамасын және Нұр-Сұлтан қаласындакезекті рет өткен Ядролық қаруды таратпау шарты (ЯҚТШ) бойынша уағдаластықтардыжүзеге асыру жұмыстарын атап өтуге болады.
Қазақстанныңтағы бір ерекше бастамасы «АТОМ» жобасы болып табылады. Аталған жоба аясындаЯдролық қаруға қарсы әрекет ететін кез келген адамдарды ядролық сынақтарданбіржола бас тартуға шақыра отырып, әлем басшыларының аталған жобағаонлайн-петиция арқылы қол қою мүмкіндігін қарастырды.
2006 жылыҚазақстан көрші елдерімен бірлесіп Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймаққұрды. Аймақ құру туралы шартқа қол қою аумағында 40 жыл бойы ядролық сынақтаржүргізілген Семей қаласында өтті.
Бізазаматтық қоғамның ядролық қарусыздану мен оны таратпау режимін нығайтудағырөлін жоғары бағалаймыз және тек азаматтық қоғамның, парламентарийлер менүкіметтердің күш-жігерін біріктіріп қана адамзатты ядролық қарудан арылудыңигілікті мақсатына қол жеткізе аламыз. Біз тек әлемді ядролық қарудан толықарылту арқылы ғана Хиросима трагедиясын ешқашан және еш жерде қайталанбайтынынакепілдік бере алатынына сенімдіміз.
Қазақстанәрдайым ядролық қарусыз әлем бастамаларын ілгерілететін және осы мақсатқа қолжеткізуге бағытталған халықаралық іс-шаралар мен бастамаларға белсендіқатысатын болады. Бұл Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдылығы болыптабылады.