АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Северсталь» (Череповец) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған ойын елорда уақытымен 20:30-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 27 мәрте кездесті. Оның 15-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Қазір турнир кестесінде тоғыз ойыннан 9 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 14-орында келеді. Ал тоғыз ойыннан кейін 9 ұпай жинаған «Автомобилист» 15-орынға жайғасқан.
Соңғы он кездесудің жетеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті. 2021 жылдың 24 қазанында елордада өткен кездесуде «Барыс» 2:3 есебімен жеңілсе, сол жылдың 20 қарашасында сырт айдында овертаймда 4:3 есебімен тізе бүктірді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Автомобилистен» басым түсті.
Фото: hcbarys.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.