«Барыс» елордада «Автомобилистен» басым түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада «Автомобилист» (Екатеринбург) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейлік клуб биылғы турнирді сәтті бастады. Сегіз ойыннан кейін 13 ұпай жинаған «Автомобилист» 2-орынға жайғасқан еді.

Ал алғашқы бес кездесуін сәтсіз өткізген «Барыс» 16-орында тұрды. Сондықтан қазақстандық клуб әрбір кездесуінде жеңіске жету жолын іздеп келеді.

«Барыс» хоккейшілері бірінші кезеңде жинақы ойын көрсетті.

Қарсыластар қақпасына екі шайба соғып кетті. Алдымен Энтони Луис 5-минутта есеп ашса, 18-минутта Аркадий Шестаков есепті үстемелей түсті.

Екінші және үшінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Сибирь» командасынан басым түсті.

Енді үш кездесуін сырт айдында өткізеді. Алдымен 24 қыркүйекте Ресейде «Северсталь» (Череповец) клубымен кездессе, одан кейін 26 қыркүйекте «Локомотив» (Ярославль), 28 қыркүйекте «Спартак» (Мәскеу) клубтарымен шеберлік байқасады.


Соңғы жаңалықтар