Хоккей: «Барыс» елордада «Северсталь» командасымен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 25 қаңтарда елорда уақытымен 19:30-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 28 мәрте кездесті. Оның 15-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде елу алты ойыннан кейін 53 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 19-орында келеді.

Ал елу төрт ойыннан кейін 54 ұпай жинаған «Северсталь» 17-орынға жайғасқан.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Металлург» командасынан жеңілді.