Хоккей: «Барыс» Ресейде «Металлург» командасынан жеңілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін қатарынаy екі мәрте жеңіске жеткен «Барыс» аталған кездесуде де үш ұпай олжалауға тырысты.

Нәтижесінде олардың қатарынан 7-минутта Джереми Бракко есеп ашты.

Алғашқы кезеңде ресейлік хоккейшілер таразы басын теңестіруге ұмтылған еді. Соған қарамастан таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Екінші кезең бастала салысымен ресейлік команда сапынан Андрей Чибисов 21-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ойынның негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда «Металлург» хоккейшісі Денис Зернов өз командасына жеңіс сыйлады.

Енді «Барыс» 25 қаңтарда елордада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Автомобилист» командасынан басым түскен болатын.


Соңғы жаңалықтар