АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екі команда турнир кестесінде қатарлас келеді.
Елу алты ойыннан кейін 53 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 19-орында тұрса, елу төрт ойыннан кейін 54 ұпай жинаған «Северсталь» 17-орынға жайғасқан еді.
Командалар турнирдің плей-офф сатысына шығуға үміттеніп келеді. Сондықтар екеуіне де жеңіс ауадай қажет болатын.
Алғашқы үш кезеңде таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Командалар гол соғатын бірнеше мүмкіндікті құр жіберіп алды.
Негізгі кезең 0:0 есебімена яқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ.
Буллитте «Северсталь» жеңімпаз болды.
Енді «Барыс» алдағы ойынын 27 қаңтарда елордада Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Металлург» командасынан жеңілді.
Фото: sports.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.