Хоккей: «Барыс» Мәскеуде ЦСКА командасынан 6:5 есебімен басым түсті
Екі команда турнир кестесінде әрқалай орналасқан. Ресейлік клуб алдыңғы үштікте келе жатса, елордалық команда соңғы орындарды місе тұтып тұр.
Плей-офф сатысына шығуды алдына мақсат тұтқан «Барыс» үшін әрбір кездесудің маңызы зор. Сондықтан олар аталған кездесуде жеңіске жету жолын іздейтін еді.
Кездесу тартысты өтті. Екі команда бір-бірінің қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. Үшінші кезеңнде командалар 5:5 есебімен тең тұрды.
Оны «Барыс» сапынан Кирилл Савицкий 16, Егор Петухов 29, Антон Сагадеев 40, 46, Никита Михайлис 50-минутта өзінің еншесіне жазды. Ал ресейлік клубтан Владислав Каменев 10, 50 , Никита Нестеров 19, Николай Макаров 22, Максим Мамин 39-минутта мергендік танытты.
Негізгі кезең 5:5 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Жеңіс шайбасын Никита Михайлис соқты.
Осылайша «Барыс» қарсыласын овертаймда 6:5 есебімен жеңді.
Енді «Барыс» алдағы ойынын 13 ақпанда елордада Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде мәскеулік «Динамодан» жеңілді.