Хоккей: «Барыс» Ресейде мәскеулік «Динамодан» жеңілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнир кестесінде командалар жағдайы әртүрлі. Ресейлік алдыңғы бестікте келе жатса, қазақстандық команда әзірге плей-офф сатысына шығатын ұжымдар қатарына кіре алмай жүр. Сол себепті «Барыс» үшін әрбір ойында жеңіске жетудің маңызы артып тұр.

Кездесу барысында есепті қазақстандық Никита Михайлис 6-минутта ашқан еді. Одан кейін «Динамо» хоккейшісі Джордан Уил 8-минутта таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау тапты. Алдымен ресейлік Максим Джиошвили 24-минутта «Динамоны» алға шығарса, оған қазақстандық командадан Дмитрий Шевченко 29-минутта бір голмен жауап қайырды. Ал 38-минутта Егор Мартынов ресейлік клубты тағы да алға шығарды.

Осылайша, елордалық клуб қарсыласына 2:3 есебімен жол берді.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 5 ақпанда Ресейде ЦСКА (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Ак Барс» командасынан жеңілді.


Соңғы жаңалықтар
telegram