Аталған ойын елорда уақытымен 22:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 30 мәрте кездесті. Оның 22-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Қазір турнир кестесінде екі ойында жеңіске жеткен «Витязь» төрт ұпаймен төртінші орында тұр. Екі ойыннан бір ұпайға қол жеткізген «Барыс» он тоғызыншы орында келеді.
2021 жылдың 23 қаңтарында өткен ойында «Барыс» овертаймда 5:4 есебімен басым түссе, елордада ресейлік команда сол жылдың 27 қарашасында 1:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетсек, бұдан кейін елордалық клуб 9 қыркүйекте «Сочи» командаларымен шеберлік байқасады.
Ал елордада 13 қыркүйекте «Трактор» (Челябинск) командасын қабылдайды.
Еске салсақ, «Барыс» мұның алдында алғашқы кездесуінде буллиттен минскілік «Динамоға» есе жіберді.
Екінші кездесуінде Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасына жол берді.