НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Даррен Диц «Барыстан» Мәскеудің ЦСКА клубына ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қос команда Д.Дицтің ЦСКА-ға ауысуы жөнінде келіскен.
Келісім аясында қазақстандық клуб қаржылай өтемақы алады.
Даррен Диц «Барыс» құрамында бес маусым бойы ойнады. Құрлық хоккей лигасында осы кезеңде ол 269 матч өткізіп, 67 гол соғып, 107 нәтижелі пас берді. Сөйтіп 174 балға қол жеткізді.
«Барыс» хоккей клубы бұрынғы капитанға алдағы спорттық жолында табысқа жетуіне тілектестігін білдірді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» елордада «Нефтехимикке» есе жібергенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).