Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада «Нефтехимикке» есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасына шабуылға көбірек шықты. Дегенмен қақпадан саңылау таба алған жоқ.

Екінші кезеңде ресейлік команда сапынан Михаил Сидоров 37-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Одан кейін Александр Севостьянов 47-минутта «Нефтехимиктің» басымдығын арттыра түсті. Ал 50-минутта «Барыс» хоккейшісі Якоб Берглунд мергендік танытты. Бұдан кейін қазақстандық клуб таразы басын теңестіруге ұмтылды.

Соңғы минуттарда «Барыс» қақпашыны алтыншы ойыншыға алмастырды. Бос қақпаға ресейлік хоккейшілер гол соғып кетті.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.

«Барыс» енді келесі ойынын 21 желтоқсанда Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордада «Сочи» командасынан басым түсті. Осылайша қатарынан төрт мәрте жеңіске жеткен болатын.



Соңғы жаңалықтар