Бүгін Оңтүстік Корея хоккейшілері Литвадан жеңіліп қалғаннан кейін, Қазақстан қалған тураларда жеңіліп қалса да, екінші орыннан төмен түспейтіні белгілі болды.
Бүгін сағат 17:30-да басталатын Қазақстан мен Беларусь ұлттық құрама командалары арасындағы матчта 2019 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы анықталады. Сонымен қатар, айта кету керек беларустар элитаға жолдама алған жоқ. Алайда келер жылы мықтылармен шеберлік байқасуы үшін олар Қазақстан немесе Оңтүстік Кореямен матчтарда кемінде бір ұпай жинауы керек.