Хоккей: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионаты элиталық дивизионға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионаты элиталық дивизионға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Францияның Анже қаласында 1А дивизионында 23-30 сәуір аралығында ойындар өткізілді.

Қазақстандық хоккейшілер бұған дейін Венгрияны 3:0, Жапонияны 5:0, Украинаны 5:0 есебімен жеңсе, Данияға 3:8 есебімен жол берді.

Бүгінгі Франция құрамасымен кездесуде негізгі кезеңде жеңіске жеткен жағдайда қазақстандық хоккейшілер элиталық дивизионға жолдама алатын еді.

Ойын барысында ел құрамасынан Александр Мигунов 1-минутта есеп ашқан еді. Оған франциялық Орельен Серрес 5-минутта бір голмен жауап қайырды. Ал қазақстандық Никита Ситников 11, Әділ Бейсембаев 15-минутта тағы екі шайба соғып кетті.

Ойынның 33-минутта Кирилл Канкин, 53-минутта Дәулет Нұркенов, 59-минутта Игорь Левковец

Осылайша Қазақстан қарсыласынан 6:1 есебімен басым түсіп, элиталық дивизионға жолдама алды.

Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бұдан бұрын 2003 жылы элиталық дивизионда ойын көрсеткен еді. Сол жылы өз тобында соңғы орын алып, қайтадан бірінші дивизионға түсіп қалды. Содан бері аталған дивизионда ойнап келеді.