Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында Данияға есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Францияның Анже қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Даниямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында Данияға есе жіберді

Бірінші дивизионның А тобында қазақстандықтар үшінші кездесуінде Данияға 3:8 есебімен жол берді.

Бірінші кезеңде 4-минутта Асанәлі Русланұлының пасынан кейін Семен Симонов есеп ашқанымен, бұдан кейін қазақстандықтар өз қақпасына үш гол жіберіп алды.

Екінші таймда даниялықтар есепті 4:1-ге жеткізгеннен кейін сан басымдылығын пайдаланған Әділ Бейсембаев мергендік танытты. Даниялықтар бесінші голды соққаннан соң Ә.Бейсембаевтың пасын Александр Ким мүлт жібермеді. Алайда даниялық хоккейшілер тағы үш шайбаны Қазақстан қақпасына енгізді.

Осылайша, Қазақстан үш матчында бірінші рет жеңіліп қалды. Бұған дейін олар Мажарстан (3:0) мен Жапонияны (5:0) ірі есеппен ұтқан еді. Бұл топта сондай-ақ Украина, Франция құрамалары өнер көрсетеді.

27 сәуір күні қазақстандықтар Украинамен шеберлік байқасады. Матч Астана уақытымен сағат 16.30-да басталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдерінің Жапонияны ойсырата жеңгенін жазған болатынбыз.