Хоккейден ӘЧ: Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Литвамен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның А тобында бүгін алғашқы ойынын Литваға қарсы өткізеді.

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер алғашқы оқу-жаттығу жиынын 17 сәуірге дейін Астана қаласында өткізді. Одан кейін Беларусьте 26 сәуірге дейін дайындық жүргізді. Онда 25 сәуірде жергілікті «Динамо-Молодечно» командасынан 5:1 есебімен басым түсті.

Ал 25 сәуірде жолдастық кездесуде қазақстандық хоккейшілер Словения құрамасын 2:1 есебімен қапы қалдырды.

Қазақстан құрамасының тізімі

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі - «Барыс», КХЛ), Владислав Нурек («Горняк», Рудный);

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр (барлығы - «Барыс» КХЛ), Тамирлан Гайтамиров, Бейбарыс Оразов, Кирилл Никитин (барлығы – «Номад», Астана), Фёдор Хорошев («Торпедо», Өскемен), Эдуард Михайлов («Сарыарқа», Қарағанды);

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Аңсар Шайхмедденов (барлығы - «Барыс», КХЛ), Артур Гатиятов, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Роман Старченко (барлығы - «Номад», Астана), Аркадий Шестаков («Адмирал», КХЛ);

Ойын кестесі

2 мамыр. 19:00. Литва - Қазақстан

3 мамыр. 15:30. Қазақстан - Жапония

5 мамыр. 22:30. Қазақстан - Польша

7 мамыр. 19:00. Украина - Қазақстан

8 мамыр. 15:30. Қазақстан - Франция.

Аталған топта бірінші орын алған құрама 2027 жылы элиталық дивизионда бақ сынауға мүмкіндік алса, соңғы орынды місе тұтқан құрама В тобына түсіп қалады.