Хоккейден әлем чемпионатында Аустрия үшінші мәрте жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін шайбалы хоккейден элиталық дивизионда 2026 жылғы әлем чемпионатының бесінші ойын күні, 19 мамырда екі ойынның нәтижесі белгілі болды.

Фото: iihf.com

Дүниежүзілік додада барлығы 16 құрама сынға түседі. Олар А және В тобына сегіз-сегізден бөлінген.

А тобында АҚШ, Швейцария, Финляндия, Аустрия, Латвия, Германия, Ұлыбритания, Мажарстан шеберлік байқасса, В тобында Канада, Швеция, Италия, Дания, Чехия, Словакия, Норвегия және Словения мұзайдынға шығады.

Алдымен А тобында Аустрия құрамасы Латвияны 3:1 есебімен тізе бүктірді. Осылайша олар қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетіп, өз тобында тоғыз ұпаймен үшінші орында келеді.

Ал В тобында Норвегия құрамасы Италиядан 4:0 есебімен басым түскен еді. Нәтижесінде олар қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды.

Енді Қазақстан уақытымен 23:20-да А тобында Мажарстан мен Ұлыбритания, В тобында Словения мен Словакия шеберлік байқасады.

16 мамырда өткен ойындарда Канада - 28, Ресей (КСРО) - 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция - 11, Финляндия - 4, АҚШ - 2, Ұлыбритания мен Словакия 1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.

Айта кетсек, биыл Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға жолдама алды.