АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы екінші ойын қатарынан ірі есеппен жеңілді.
Қазақстандық хоккейшілер бүгін Жапония құрамасымен сынға түсті. Қарсылас команданың құрамы әлемдегі тәжірибелі ойыншылардан жасақталған. Олар жыл сайын әлем чемпионатында топ-дивизионда шеберлігін шыңдап келеді.
Сол себепті қазақстандық хоккейшілер бұл кездесуде Жапонияға лайықты қауқар көрсете алған жоқ. Оларға 0:8 еесбімен жол берді.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасы Қытайға 0:5 есебімен есе жіберген еді.
Қытай құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионның А тобында сынға түсіп жүр.
Енді ел құрамасы ертең сағат 13:00-де Оңтүстік Кореямен кездеседі. Олар біздің құрамамен бірге бірінші дивизионның Б тобында ойнайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.